Бұл арна еуропалық топ-лигаларды да, отандық футболдың өзекті жаңалықтарын да қамтиды. Арнаның негізгі форматы — «ЖБ Шоу».
Мұнда қонақтармен еркін форматтағы қызықты әңгімелер, инсайдтар мен өмірлік оқиғалар айтылады. Бұл — сараптама мен әзіл, азарт пен шынайылық араласқан ерекше шоу.